Текст
2025 жылдың 13 қаңтарында жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиадаға қатысатын мектеп оқушылары марапатталды. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру болып табылады.