"Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізімі
"Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізімі |
||
1 |
Қызмет берушінің атауы |
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Орта білім беру комитеті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасы, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары |
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Ақпараттандыру объектісі арқылы – педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы (бұдан әрі-Платформа) |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1 (бір) жұмыс күні |
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦК қойылған құжаттарды қабылдау туралы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту хабарламасы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде көрсетіледі |
6 |
ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері |
Жеке тұлғаларға тегін |
7 |
Жұмыс кестесі |
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) |
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) өтініш; |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; |
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар |
Аттестаттау оқу жылында 1 рет өткізіледі. Аттестаттауға өтініш ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегінен 31 желтоқсанына дейін қабылданады. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау ағымдағы оқу жылының қаңтар-тамыз айлары аралығында өтеді. |